Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Рухани кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол діни конфессия жетекшілерімен танысып, дін саласы бойынша пікір алмасты. Ел бірлігі мен дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.
– Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдан астам мерзімде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі еліміздің бастамасымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында тұрақты өтіп жүр. Түркістан облысында да түрлі конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Кезінде Орта Азияның діни әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласы елді бірлікке шақыратын миссиясын жалғастыра береді, – деді Е.Кенжебекұлы.
Қабылдау соңында діни конфессия жетекшілеріне мерекеге орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Түркістан облысының орталығы – қасиетті Түркістан қаласы Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік рухқа бөленіп, көк түсті туға оранған көшелерімен ерекше көзге түсуде. Қала басшылығы мен жергілікті қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесінде, мерекелік безендірулер қаланың әр түкпірінде айқын […]
Түркістанда қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған спорт жарысында жасөспірімдер волейбол, шахмат пен тоғызқұмалақтан сынға түсті. Спорт […]
Пікір қалдыру