Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Тең қоғам орталығының» қызмет алушылары Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп, тарихи тұлғалардың рухына Құран бағыштады. «Керуен-Сарай» туристік кешенін қайықпен аралап, «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражаймен, ондағы фольклорлық-этнографиялық эскпозициялармен танысты. Саяхат Отырар қалашығы мен табиғат аясында жалғасып, белсенді зейнеткерлер демалысты ұйымдастырған орталық мамандарына ризашылықтарын білдірді.
Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – 2022 жылдан бастап зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Жылына 3 мыңға жуық азаматты қабылдап, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық секілді 7 бағыт бойынша көмек береді. Егде жастағы ата-әжелер мұнда қолөнер және спортпен шұғылданады.
Тең қоғам құру – кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар жандардың құқығы қорғалып, мүмкіндік жасау үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдау мен көмектің ықпалы зор. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты қоғамдық сананың түбегейлі жаңаруына ықпал ететін, қалыптасқан стереотиптерді және кемсітулерді толық жоятын шараларды қабылдап, орындау керектігі туралы мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес.
«Тең қоғам орталығы» – 2021 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға қызмет етіп келеді. Жылына 700-ден аса азаматқа құқықтық және психологиялық кеңес беріп, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру сияқты мәселерін шешуге атсалысады.
Қаламызға келуші туристердің қала көркімен танысуы ең алдымен — Әуежай және Темір жол вокзалынан бастау алады. Түркістан қаласындағы «Hazret Sultan» халықаралық әуежайы осыдан 4 жыл бұрын пайдалануға берілген еліміздегі заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға […]
Түркістан облысында облыс әкімінің кубогына арналған «Пікірсайыс — көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі сәтті өтті. Бұл маңызды шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен, жергілікті жоғарғы оқу орындарының (ЖОО) студенттері арасында өткізіліп, жастардың интеллектуалдық […]
Түркістан қаласына 127 шетелдік компанияны шақырып, 301 миллиард теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылған. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Осы келісім арқылы дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары […]
Пікір қалдыру