Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Тең қоғам орталығының» қызмет алушылары Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп, тарихи тұлғалардың рухына Құран бағыштады. «Керуен-Сарай» туристік кешенін қайықпен аралап, «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражаймен, ондағы фольклорлық-этнографиялық эскпозициялармен танысты. Саяхат Отырар қалашығы мен табиғат аясында жалғасып, белсенді зейнеткерлер демалысты ұйымдастырған орталық мамандарына ризашылықтарын білдірді.
Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – 2022 жылдан бастап зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Жылына 3 мыңға жуық азаматты қабылдап, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық секілді 7 бағыт бойынша көмек береді. Егде жастағы ата-әжелер мұнда қолөнер және спортпен шұғылданады.
Тең қоғам құру – кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар жандардың құқығы қорғалып, мүмкіндік жасау үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдау мен көмектің ықпалы зор. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты қоғамдық сананың түбегейлі жаңаруына ықпал ететін, қалыптасқан стереотиптерді және кемсітулерді толық жоятын шараларды қабылдап, орындау керектігі туралы мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес.
«Тең қоғам орталығы» – 2021 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға қызмет етіп келеді. Жылына 700-ден аса азаматқа құқықтық және психологиялық кеңес беріп, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру сияқты мәселерін шешуге атсалысады.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қала тазалығы мен сәулетін сақтау, сондай-ақ рұқсат етілмеген орында сауда жүргізу мәселелеріне қатысты рейдтік шаралар өткізілді. Бұл шаралар аясында қала тұрғындарының мүддесін қорғау, […]
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Түркістанға тарту» жобасының тұсаукесері — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қазақ тілін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Бұл жоба «TAS Group» компаниясының […]
Пікір қалдыру