МАҚТААРАЛДА ГРЕК РИМ КҮРЕСІНЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Спорттың адам өмірінде, жалпы қоғамда алатын орны зор. Спортпен айналысқан адам тек шымыр болып қана қоймай, денсаулығы мықты, сымбатты болары анық.

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар орталығы” КММ және Жетіген спорт мектебінің ұйымдастыруымен Грек рим күресінен аудан біріншілігі өтті.
Жалпы жарысқа 100-ге жуық жастармен жасөспірімдер қатысты. Арнайы іс шараның ашылу салтанатына “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Нұркен Ошантаев пен Жетіген спорт мектебінің директоры Қылышов Баубек мырзалар қатысып жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды

Ресми деректер балалар мен жасөспі­рім­дердің үштен бірі ғана белсенді өмір салтын ұстанатынын көрсетеді. Отан ал­дындағы борышын өтеуге тиіс жастардың 40 пайызы әскери қызметке жарамсыз. Оның үстіне, денсаулық сақтау саласы мамандары кей ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағып жүр.

Қуанышымызға орай, жастар арасында спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатындар саны біртіндеп артып келеді. Өрендеріміз физикалық және психикалық саулықтың кепілі спортпен жүйелі шұғылдану керек деген идеяны түсінгені, мұның қазіргі тілмен айтсақ трендте екенін аңғара аламыз.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту процесінде оң динамика бар. Кейінгі жылдары бұл көрсет­кіш тұрақты өскені байқалады. Мәсе­лен, 2013 жылы 2,3 млн жеткіншек дене шынықтырумен шұғылданған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 2,5 млн-ға жеткен. Әрине, 7 жылда спортты серік еткен жас­тар күрт артпады. Дегенмен оң нәтиже байқалады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*