Мақтаарал ауданы Аткент кентіндегі Алпамыс батыр атындағы орталық стадионында «Елім, Жерім, Отаным»-деп қаны, жаны, терімен еңбек еткен
Соғыс ардагерлерінің құрметіне және аудан тұрғындары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Мақтаарал ауданының ашық біріншілігіні өтті.
Мақтаарал ауданының Прокуратурасы, Мақтаарал ауданы бойынша «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРІ», «Зағиптар және Мүгедектер» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Мырзакент спорт клубының ұйымдастыруымен соғыс ардагерлерін еске алу, аудан жастары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында футбол ойынын дәріптеу мақсатында өткен іс шараға Кентау қаласы, Түркістан қаласы, Төлеби, Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 16 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша тартысқа толы өткен ойындарда өзіне қарсылас шақ келтірмеген Кентау спорт клубының командасы чемпион атанса, финалда сүрінген Жетісай спорт клубы командасы екінші орынды, ал үздік үштіктен көрінген Мақтаарал ауданының командасы қола медальді қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және үздік ойыншылар демеушілер есебінен бағалы заттай сыйлықтармен кубоктар және медальдармен мараппатталды.
Жарыс демеушілері «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРІ» Қоғамдық бірлестігіне шынайы алғысымызды білдіреміз, алдағы уақыттада үлкен іс шаралардың өтуіне себепкер болатындарыңызға сенеміз.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді-деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді […]
Мақтаарал ауданында білім саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі өтті. Дәстүрлі іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадір Сәрсекбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат […]
Пікір қалдыру