27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады.
Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасып, қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.
Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.
Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.
Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуын сұраймыз.
Түркістан қаласында жыл басынан бері бюджеттің 6 миллиард теңгесі игерілмей қалған. Бұл жайлы руһани астана тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Алайда, өңір басшысы нақты қай салаға қаралған қаражаттың игерілмегені жөнінде нақтылғана жоқ. Десе […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Яссы» және «Шауғар» секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, жауапты қала әкімінің орынбасарлары […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қала ағынының жəне көлік жүйесінің жақсаруы үшін жаңа жолдар мен көпірлер салу жоспарланып, қоғамдық көліктің санын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қалада су мен электр […]
Пікір қалдыру