Республика күніне орай қаламызда 100 түп ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Орталық мешіт ауласына, «Керуен сарай» маңындағы «Арена» алды мен туризим университетінің жанына сәндік ағаштар, бозарша, қарағаш, шаған, үйеңкі, сынды ағаш түрлері отырғызылды.
Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, ағаш отырғызу – экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосу керектігін жеткізді.
Осыған дейін облыс әкімінің тапсырмасымен елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген болатын.
Бүгінде Түркістанды көгалдандыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, Түркістан қаласында көгалдандыру бағытында өткен жылы жүйелі жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың көрсеткіші бойынша шаһарға 314 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен бірге қаланың орталық алаңдары мен скверлерін абаттандыруға айрықша назар аударылды. Мәселен, қала көшелері, саябақтары, скверлері, аллеялары мен гүлзарларда 62 мың дана түрлі көпжылдық және бір жылдық гүл көшет егілді. Сондай-ақ 379 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу өңдеу тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілсе, 17 925 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы 62 саябақ, сквер, аллеядағы кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстары (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б) аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары боялып, қайта қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды. Одан бөлек, қала аумағындағы 82 субұрқақ қысқы маусымға дайындық ретінде консервациялық жұмыстардан өтті.
Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің тапсырмасымен Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы, «Альфа банк» АҚ Түркістан облысы бойынша еншілес ұйымының қызметкерлерінің қатысуымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын […]
Табиғат — бұл бізді қоршаған орта. Қоршап тұрған ортаның таза да көрікті болуы әрқайсымызға тығыз байланысты. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегінсіз-ақ өзін-өзі тазартып алады екен, ал адам […]
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы […]
Пікір қалдыру