«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндері Гала-концертпен жалғасты. Шаһардағы «Керуен Сарай» туристік кешенінде өткен шараға қала әкімі қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. Мәдени шараға шаһар тұрғындары мен қонақтары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Гала-концертте елімізге танымал эстрада жұлдыздары Заттыбек Көпбосынұлы мен Кеңес Әлімжанов ән шырқап, қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламада «Яссы» халықтық би ансамблі мың бұрала би билеп, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары қоңыр үнмен Түркістан аспанын сазға бөледі. Өнер сүйер қауым әншілермен қосыла ән айтып, мерекелік кештің сәнін кіргізді.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы ұйымдастырып отырған аталмыш фестиваль төрт ай бойы әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері жалғасын табады. Бекітілген кестеге сәйкес әр аудан-қала облыс орталығында өз өнерін көрсетеді. Фестиваль соңында үздік деп танылған аудан-қалалар бағалы сыйлықтармен және арнайы жүлдемен марапатталады.
Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін рухани шаһар бүгінде өрлеп, өркендеп келеді. Қаланың аз уақыт ішінде дамуы нақты жоспарлар мен маңызды шешімдердің нәтижесі. Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан […]
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі […]
Күннен-күнге түрленіп жатқан Түркістанға төрткүл дүние көз тігіп отырғаны жасырын емес. Түркі елдерінің рухани астанасы ретінде мәртебесіне сай шаһар болып қалыптасуы жолында жасалып жатқан игі істер қарқын алып, бүгінгі Түркістан алып құрылыс алаңына айналған. Десек […]
Пікір қалдыру