Түркістандағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда.
Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке хан, О.Жарылқапов,Төле Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.
Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мектеп пен балабақшалар маңына 350 метрді құрайтын жол кедергісі қойылып, қажетті жол белгілермен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қала мектептері маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.
Айта кетейік, Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде 227,9 шақырымы асфальт көшелер, 461,3 шақырымы шағал тас. Қалған бөлігі топырақ жолдар. Қаланың орталық аумағында орналасқан басты көшелер мен оларды кесіп өтетін қиылыстар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін көшелердің жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асып жығылады. Алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар бүгінде өз қарқынын жоғалтпаған. Қазіргі таңда 19,5 шақырым тасарық (лоток), 35,8 шақырым аяқ жол мен 4,5 шақырым велосипедпен жүруге арналған жолдардың құрылысы аяқталған.
Жалпы қалада 875 көшенің 52-сі жарықтандыру жүйесімен қамтылған. Олардың барлығында ескі жарық бағаналары орналасқан болатын. Орташа жөндеу жұмысы барысында 25,12 шақырым жарық жүйесі заманауи үлгідегі жарық үнемдеуші диодты жарық шамдарына ауыстырылады. Мердігер мекемелер демонтаждалған бағаналарды түзету, сырлау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда С.Қожанов көшесінің жарты шақырымына және Тоққожаев көшесіне бағаналар орнатылып үлгерген.
Бүгінде құрылысы толық аяқталған жолдарға жолақтар түсіп, аяқжолдар мен өткел сызықтары салынуда. Тоғыз жолдың торабы, еліміздің оңтүстігіндегі алтын қақпасына айналған Түркістан қаласы осылайша түрленіп, туристердің сүйікті мекеніне айналмақ.
Алдағы уақытта да қажетті орындарға сызу жұмыстары жалғасады.
Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды. Осы мақсатта, қала […]
Түркістан қаласындағы «Олимпик Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогінің алғашқы күні басталды. Бұл дода қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Осы әлемдік деңгейдегі […]
11-13 қазан аралығында Европаның Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Айтулы додада бақ сынаған түркістандық саңлақтар туған жерге оралды. Жеңімпаз жампоздарды Түркістан әуежайынан спорт саласының майталмандары мен туған-туыстары зор құрметпен […]
Пікір қалдыру