Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты.
Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының өмірі мен шығармашылығының жарқын сәттерін ұсынған бейнероликпен басталды. Шығармашылық жиынға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев қатысып, кеш иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің «Құрмет» ордені мен құттықтау хаттарын табыстады.
Жүрек тебірентер шығармаларымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейтойына жиналғандардың қарасы қалың болды. Жиналған халықтың барлығы актерлердің шеберлігіне тәнті болып, қазақ мәдениетінің рухын сезіне білді. «Шымкент шоу» әртістері әзіл-оспақ, театр және музыкалық қойылымдардың қайталанбас үйлесімін көрсетіп, ерекше көңілді атмосфераны қалыптастырды. Көрермендер әлеуметтік мәселелермен қаныққан көріністерді көріп, күлкіге қарық болды. Кеш соңында «Шымкент шоу» бағдарламасына қатысушылар қолдау көрсетіп, ықылас танытқан көрермендерге алғысын білдірсе, ақын өз кезегінде өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Көрермендерге жаңа кездесулер мен жақсы әсер алып, жүздерінде күлкі, жүректерінде шабыт орнады.
Айта кетейік, Әбдіхалық Әбдірайымұлы – қазақ өнеріндегі ең жарқын тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы терең этникалық тамырмен, қазақ тілінің байлығымен сусындаған. Ал әндері мен өлеңдері қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын, арман-тілектерін бейнелейді. Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегерінің «Тұяғымын тұлпардың», «Сәбит серінің семсер сөздері» атты жыр жинақтары жарық көрген. Елге танымал әндердің авторы. «Шымкент-шоу» театрының Президенті, ҚР Мәдениет қайраткері.
Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. […]
Түркістан облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты қатысты. Фараб әмбебап кітапханасында өткен […]
Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды. 10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа […]
Пікір қалдыру