МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ «ДОСТЫҚ» ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

Шымкенттегі ынтымақ пен бірліктің, татулық пен сыйластықтың мерейлі мекеніне айналған Достық үйінің 30 жылға жуық тарихы бар. Мұнда түрлі ұлт пен ұлыстардың  мәдени орталықтары қоныстанған. Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ынтымақтастыққа бағытталған жиын өткізілді.

Жиыннан соң қатысушылар ғимараттағы қалалық 17 этномәдени бірлестіктердің мұражайымен танысты. Олардың жәдігерлері, мақтаныштары сондай-ақ, өз ұлтының бетке ұстар ерекшеліктерімен таныстыра кетті. Әрбір этностың тарихи мұраларынан мол мағлұматтар алып, өзара ой бөлісті. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерттік қызметін белсенді түрде жүзеге асыруға, қала тұрғындарының өңірдегі сан алуан этнос өкілдерінің мәдениетімен етене танысуына мүмкіндік беретін 800 орындық залды аралап, тамсанып қайтты.

Аталмыш жиынның негізгі мақсаты — бүгінгі жастарды еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тарихына тереңінен үңіліп, салты мен дәстүріне сыйластық танытуға шақыру. Өз тарихын білген ұрпақтың тәрбиесі де күшті болады. Сонымен бірге өзге ұлттың тарихымен танысу тәрбиені толықтырып, санасы жетілген, көзі ашық, білімді жастар шығады.

Айта кетейік, мұндай тәрбиелік мәні зор шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табады дейді үйымдастырушылар. Жастардың өзге де ұлттардың мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін түрлі орындармен танысуы өз ұлтының патриоты болуға жол ашады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*