Милионды қаламыздың даму жоспарына бекітілген көптеген құрылыс нысандар мен жол жөндеу жұмыстары бар. Кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар елдің игілігіне біртіндеп беріліп жатыр. Жол десе, көзімізге асфальт елестейді. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі діттеген жеріңе қиналмай жетіп, уақытты үнемдеуге жақсы. Енді сол жолдар қалай салынып, қалай жөнделеді? Оның да біраз машақаттары бар екенін көбіміз біле бермейміз. Қазіргі кезде халықтың қарайтыны — жолдың сапасы. Асфальттың жауы — су. Бойынан тесіп алса, астын үңгіп қуалай береді. Мұны көп ұзатпай жөндемесе, шұңқырға айналады. Жолдың жырығы көбейеді. Сондықтан да, тек жолды ғана емес, жауынды су ағарлар мен арнайы арналар жасау қажет.
Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Алдияров көшесінен Тұрар Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды.
Құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 75 пайыздан асып отыр. Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.
Бүгін аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы жауаптылармен бірге аудан орталығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Бұл сапар барысында әкім модернизация бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердегі жұмыстармен танысты. Әкім тұрғындармен […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында №65 жалпы орта мектебіне барып, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша пилоттық жобаның іске асырылуымен танысты. Бұл – жаңартылатын энергия көздері орнатылған алғашқы мемлекеттік нысан. Өндірілген электр энергиясының […]
Елімізде 19 қазан – құтқарушылар күні. Соған байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекзат Қамбаров құтқарушылардың атқарған жұмысы туралы баяндап, жетістіктері мен халық үшін атқарған қызметі жайлы айтты. […]
Пікір қалдыру