Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қоғам қайраткерлерінен құралған 20 шақты зиялы қауым өкілі қатысқан жиында мегаполистің дамуына, рухани, мәдени өміріне қатысты ұсыныстар талқыланды. Зиялысын құрметтемеген ұлт түбінде құрып бітеді деген тәмсіл еріксіз ойға оралады. Шаһар басшысы елі мен жұрты үшін көп жылдардан бері тер төккен бір топ өкілдерге үлкен алғысын білдірді.
Зиялы адам деген кім? Ең алдымен ұлттың жанашыры. Халықтың қолдаушысы. Көпті көрген, көргенінен тәжірибе жинаған жан. Сол жолда еңбек етіп, маңдай терін төккен адам зиялылар қатарында. Мейлі қай салада қызмет етсе де ел болашағына қатысты озық ой айта білетін адам.
Қалада бүгінде 87 мыңнан астам қария тұрады. Олардың 3 соғыс, 2 мыңнан астамы – тыл ардагері. Бүгінде мегаполистің егде тұрғындарына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде. Бір жылда 50 мыңнан астам қария 10 күндік санаторлық – курортты емдеу шараларымен қамтылады. Сондай-ақ ардагерлер “Дәнекер” жобасы аясында қоғамды ізгілендіруге де үлес қосуда. Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қариялар еліміздің көрікті орындарына саяхаттайды. Екі жарым мыңнан астам ардагерге мерзімді басылымдар тегін жеткізілуде.
«Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі өнегесіздер. Осыған дейін де қаланы дамытуда белсенді жұмыс істеп келдіңіздер. Бұл бағытта мен сіздерді қашан да қолдауға дайынмын. Кез-келген маңызды мәселеде өздеріңізбен ақылдасып, кеңесіп отырамыз. Алда жоспарлар көп. Ол үшін қаланың тыныс-тіршілігімен, даму бағытымен етене танысып алу қажет. Ең алдымен жұмысқа кіріспес бұрын өздеріңіздің баталарыңызды алып, кеңесіп алу ниетім болды. Қаланы дамытуда өздеріңізбен бірлесіп, адал, таза жұмыс істеуге дайынбыз», — деді қала әкімі.
Кездесу соңында қала басшысы зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта өзекті мәселелерді қарастыруда, қаланың дамытуда ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, мол тәжірибелерімен бөлісуде белсенділік танытуға шақырды.
Сапар барысында Премьер-Министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндалды. […]
В Шымкенте усилены меры по поддержанию порядка и чистоты на улицах. С начала года 12 935 граждан были привлечены к ответственности в соответствии с статьей 434-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях за нарушение порядка […]
Кеше Шымкентте мерейтойлық оныншы Shymkent Marathon-2025 өтті. Бұл шара Қазақстандағы ең ауқымды спорттық оқиғалардың бірі саналады және жыл сайын қаланың спорттық өміріндегі басты мерекеге айналып келеді. Биылғы марафонға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелден де мыңдаған […]
Пікір қалдыру