Түркістан қаласының қоғамдық көліктеріне заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын «AlemPay» электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген.
Енді шаһарда «AlemPay» төлем картасын сатып алу арқылы мектеп оқушылары жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады.
«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады.
Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыз. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады.
Қолма-қол 100 теңге төлегенше, «AlemРay»-мен 70 теңге төлеңіз! Ал мектеп оқушылар үшін жол ақысы – 35 теңге!
Сонымен қатар, қазіргі таңда шаһардағы жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі бойынша жаңа жоба әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданды. Егер қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылатын болады.
Түркістан қаласында 22 бағытта қатынайтын 190-ға жуық қоғамдық көліктер тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Түркістан қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті. Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын […]
Түркі жұртының мәдени ошағы саналған көк күмбезді Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды. Осы мақсатта, қала […]
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік кеш өтті. Шарада БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділерімен бірге «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қаһармандар мен белсенді ерікті жандар қатысты. […]
Пікір қалдыру