Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығында» тегін спорт бөлмесі жұмыс істейді. Бұл қала жастары үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік.
Спорт бөлмесінде шынығу үшін орталықтағы спорт үйірмесіне жазылу қажет. Сол арқылы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:20 мен 17:20 аралығында спортпен шұғылдануға болады. Келушілерге нұсқау беретін арнайы екі жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт бөлмесі жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, орталықта үстел теннисімен де айналысуға мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығында» ағылшын тілі курсына қатысып, тегін шет тілін үйренуге мүмкіндік бар. Шет тілі курсы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09:00 ден 19:00-дейін жүргізіледі.
Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады. Бүгінгі күнге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» 3 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті.
Еске сала кетейік ағымдағы жылдың маусым айында Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілген болатын.
Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қала аумағында тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту және инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта биыл көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жобасы жоспарлы түрде жүзеге […]
В административно-деловом центре города Туркестан на сегодняшний день из семиэтажных 24 жилых дома (всего 1452 квартиры) 22 (всего 1296 квартир) планируется сдать в эксплуатацию в ноябре текущего года. Кроме того, в целях обеспечения жильем […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне арнайы келіп, білім ордасының шығармашылық және рухани дамудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ұжым мүшелерінің еңбегін тілге тиек етті. Жақында ғана Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған […]
Пікір қалдыру