Түркістан қаласының қоғамдық көліктеріне заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын «AlemPay» электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген.
Енді шаһарда «AlemPay» төлем картасын сатып алу арқылы мектеп оқушылары жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады.
«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады.
Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтыра аласыз. Ал дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлеуге болады.
Қолма-қол 100 теңге төлегенше, «AlemРay»-мен 70 теңге төлеңіз! Ал мектеп оқушылар үшін жол ақысы – 35 теңге!
Сонымен қатар, қазіргі таңда шаһардағы жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі бойынша жаңа жоба әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданды. Егер қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылатын болады.
Түркістан қаласында 22 бағытта қатынайтын 190-ға жуық қоғамдық көліктер тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Қала күні мерекесі аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Этноауыл аумағында қала күніне арналған шара ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен көрермендерге Мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әндерін тарту етті. Түркістанның өсіп-өркендеуі және […]
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық […]
Түркістан облысы мен қаласының дамуына сүбелі үлесін қосқан қаланың «Құрметті азаматы» Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған футболдан ересектер арасында ашық біріншілік өтіп жатыр. Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, қалалық […]
Пікір қалдыру