Тазалықты сақтау – өз ортаңыздан басталады

Жалпы, игiлiктi iстер, жақсы өнегелер қазiрден бастап бастау алғаны абзал. Осыған орай, қаланың барлық аумағында тұрақты түрде сенбiлiктер өткiзiп тұруды дәстүрге айналдырған жөн. Биыл  жалпықалалық сенбілікке қала жастары мен мекеме қызметкерлері бас қоса отырып, қаламызды қоқыстан тазартты. Бұл ерекше бастама. Қоғам белсенділерінің  бастамасына  атқарушы билік те үн қосып, үлгі-өнеге көрсетті.   Шымкент  қаласындағы игiлiктi iстер елiмiздiң барлық қалаларына үлгi болды.  Қала белсенділерінің бастамасы  барлық жағынан өзге аймақтарға да ықпалын тигiздi. Бүгінде  қаламыздың тазалығы күн сайын атқарушы органдардың ең бiрiншi мiндетi саналып отыр.

Осы ретте, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысунан да байқауға болады.

Кез-келген қала тұрғындарымен көрiктi. Сондықтан қалалардың кең мағынадағы рухани-әлеуметтiк келбетiн қалыптастыру мемлекеттiк саясаттың құрамдас бiр саласы ретiнде ерекше бақылауға алынады.

Қазақстан  қалаларының әлеуметтiк келбетi мен рухани тазалығы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Осыған  сай қала мәдениетiн қалыптастыру жолында кешендi шаралар да жүзеге асырылуда. Қаланың тазалығы – ол тұрғындардың рухани тазалығына байланысты екендiгiн  жыл сайынғы қала  әкімдерінің халықпен кездесулерiнде атап көрсетіліп  жүр. Бұл – еліміз  қалаларының  бәріне  ортақ  тақырып.

Бүгінде  еліміздің  барлық  облыс  орталықтары  өздерінің  шекараларын  бірнеше  есе үлкейтіп  отыр. Демек, қала әкiмдерінің қалаға қосылған елдi-мекендердiң келелi мәселелерiн шешу жолында кешендi ұсыныстар әзiрлеп,  тиiстi орындарға тапсырма беруi – ұзақ уақыт қордаланып келген түйiндi iс-жүзiнде жүзеге асыруға нақты жол ашатыны анық. Ол үшiн тәртiп пен тазалық қажет.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінде тазалық акциясына тұрғындар, жастар, мемлекеттік қызметкерлер атсалысып келеді. Бұл қазақ елінің татулығын, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Қаратау ауданына қарасты екі мекен-жайда тазалық жұмыстары қатар жүргізілуде. Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойы, жалпы 5 шақырым жерде тазалық жұмыстары жүргізілді. 150 -ге жуық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды», — дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.

Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*