Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.
Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.
Қала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы шаралардың тұрғындар жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор.
Аййта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
Елде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алды. Оның аясында мектеп ұжымы тазалық шараларын ұйымдастырып, сенбілік өткізді. Сыпыру, қоқыстарды жинау, шығару, ағаштардың түптерін қопсыту жұмыстары жасалды.
«Таза бейсенбі» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданында орналасқан Забадам өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары Бекайдар Тулегенов, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, […]
Еліміз айтып келмейтін ауыр кеселдің алдын алумен хал-қадерінше сақтанып бағуда. Президентіміз бастап, өкіметіміз қоштап қолдан келген сақтық шаралары жасалуда. Еліміздің амандығы мен саулығы – ең әуелгі міндет. Осының қамымен Қазақстан ауқымы мен жергілікті жерлердің бәрінде […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан әкімі Боранбай Булатбеков атқарылған жұмыстарын айтып, жоспарларымен бөлісті. Аудан аумағында 220 мыңнан астам халық тұрады. Жер көлемі 36 600, 0 гектарды […]
Пікір қалдыру