Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды.
Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
-Тазалық – бұл тек экологиялық мәселе ғана емес, рухани тәрбиенің бір көрінісі. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға міндетті. Біздің акцияларымыз арқылы жастарға дұрыс үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз- дейді акцияға қатысушы қала тұрғыны.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Барша азаматтарды қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін республикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.
Тазалық – адам өмірінің сапасын жақсартатын басты факторлардың бірі. Оның маңызы тек денсаулыққа ғана емес, қоршаған ортаның көркемдігі мен санитарлық ахуалына тікелей байланысты. Бұл қағиданы терең түсінетіндер – медицина қызметкерлері. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы №6 […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қаратау ауданында жүргізілген аралау барысында заманауи қоқыс жәшіктерін орнату бойынша пилоттық жобамен танысу мүмкіндігі туды. Жоба аясында орнатылған жаңа қоқыс жәшіктерінің сыйымдылығы үлкен болғанымен, олар қоқыс алаңында көп орын алмайды, […]
Шымкент қаласында да короновирус инфекциясын жұқтырғандар азайып кеткен жоқ. Сондықтан да мамандар қауіптің алдын алу туралы ескертеді. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 13 558 азаматтың коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде 8531 науқас аты жаман аурудан […]
Пікір қалдыру