Жаз бастала сала қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға сән беретін субұрқақтарды жағалайтыны жасырын емес. Олар қаланың ауа райын жақсартуға да оң серпін беріп, аптап ыстықта климатты тұрақты салқындататыны рас. Сәулет өнерінің ерекше құбылысы ретінде қарасақ, туристердің де қызығушылығын оятуда аталған субұрқақтардың маңызы зор.
Шымкент қаласында жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 37 субұрқақ бар. Алдағы уақытта демеушілердің есебінен олардың қатары көбейетін болады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды.
Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Субұрқақтар қаланы көріктендіру және ауаны ылғалдандыру мақсатында қолданылады, бірақ шомылуға арналмаған. Сондықтан оларды тікелей мақсатына сәйкес қолданбау адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.
Биыл қаланың Орыс драма театры жанындағы фонтандардың да су айдау құрылғысы ауыстырылды. Орталық саябақта тұрғандарының насостары қайта жөнделді. Ал Абай саябағы мен Имран кешені алдындағы субұрқақтардың электрлік жүйесі ретке келтірілді. Металлургтегі фонтанның насосы жаңартылып, құбырлары жөнделді. Субұрқақтар қала сәніне көрік беруден бөлек жазы ыстық шымкенттіктер үшін өте пайдалы. Жанынан жақынджасаң самал леп соғады. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы субұрқақтарды күтіп ұстау жұмысы, күрделі жөндеу жұмысы жүйелі жалғасып келеді. Атап айтсақ, Әкімшілік іскерлік аумағындағы «Тайқазан», Әуежай аумағындағы, Ордабасы алаңындағы фонтандардың насостары жөнделіп, электр жүйесі жаңартылған.
Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай, деді. Шымкентте ауылшаруашлығы өндіріспен […]
25 қазан – Республика күні қарсаңында және «Әскер – ата-ананың көзімен» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздардың ата-аналарына олардың ұлдарының қызмет барысын […]
Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика […]
Пікір қалдыру