Ауданда қазіргі уақытта электр желілеріне қосу, яғни абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумақтарына да электр желілері тартылуда. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Қаратау ауданындағы электрмен қамту көрсеткіші 100%-ға жетіп, барлық тұрғындар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Рахымберді Жанысбекұлының айтуынша, табиғи газбен қамту мәселесі де аудан үшін өзекті болып тұр. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрайды. Алайда, Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе және Мирас сияқты елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарында газ желілері әлі де тартылуды қажет етеді. Осы бағытта Тассай және Бозарықтағы газ құбырларын тарту жұмыстары 2024 жылдың IV тоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша табиғи газбен қамту деңгейі 98%-ға дейін көтеріледі.
Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын газбен қамтамасыз ету 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген. Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді. Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты […]
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті […]
Тазалық – адам өмірінің сапасын жақсартатын басты факторлардың бірі. Оның маңызы тек денсаулыққа ғана емес, қоршаған ортаның көркемдігі мен санитарлық ахуалына тікелей байланысты. Бұл қағиданы терең түсінетіндер – медицина қызметкерлері. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы №6 […]
Пікір қалдыру