Ауданда қазіргі уақытта электр желілеріне қосу, яғни абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумақтарына да электр желілері тартылуда. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Қаратау ауданындағы электрмен қамту көрсеткіші 100%-ға жетіп, барлық тұрғындар үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Рахымберді Жанысбекұлының айтуынша, табиғи газбен қамту мәселесі де аудан үшін өзекті болып тұр. Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрайды. Алайда, Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе және Мирас сияқты елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарында газ желілері әлі де тартылуды қажет етеді. Осы бағытта Тассай және Бозарықтағы газ құбырларын тарту жұмыстары 2024 жылдың IV тоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша табиғи газбен қамту деңгейі 98%-ға дейін көтеріледі.
Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын газбен қамтамасыз ету 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген. Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Шымкент қаласының Асар шағын ауданы, бүгінгі күні қаланың шетінде орналасқан емес, керісінше, орталығына айналған. Асар шағынауданы өзінің әдемі үйлерімен, кең әрі жасыл аумақтарымен қаланың көркін келтіріп, тұрғындарының белсенділігімен ерекшеленеді. Жыл басынан бері Шымкентте ұйымдастырылып келе […]
Былтыр Шымкент қаласында көлеңкелі кәсіптің кесірінен шаһар қазынасына 7 миллиард теңге түспей қалған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың айтуынша, шаһардағы 118 тойхана 2018 жылы 206 миллион мүлік […]
Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғындардан өтініш түскен. Айта кету керек, порталда […]
Пікір қалдыру