“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА АСАРЛЫҚТАР АСАРЛАТТЫ

Шымкент қаласының Асар шағын ауданы, бүгінгі күні қаланың шетінде орналасқан емес, керісінше, орталығына айналған. Асар шағынауданы өзінің әдемі үйлерімен, кең әрі жасыл аумақтарымен қаланың көркін келтіріп, тұрғындарының белсенділігімен ерекшеленеді. Жыл басынан бері Шымкентте ұйымдастырылып келе жатқан экологиялық акциялар аясында Асар шағынауданының тұрғындары да өздерінің үлестерін қосып, тазалықты сақтауға барынша атсалысып келеді. Тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың басты көрсеткіші – ұйымдастырылған сенбіліктер. Әрбір сенбілік тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, шағынаудандағы қоршаған ортаға деген қамқорлықты күшейтуге ықпал етіп отыр.

Бүгін Абай ауданы аумағында ұйымдастырылған ауқымды сенбілік аясында көптеген аумақтар тазартылды. «Шымсити» және «Асар» шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшаларының аумағы, сондай-ақ ирригациялық арық жүйелері тазаланып, қоқыстардан арылды. Сенбілікке қатысушылар, соның ішінде коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, ерікті жастар мен аудан тұрғындары өз үлестерін қосып, қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарады. Бұл іс-шараның маңыздылығы тұрғындардың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 300-ден астам адам қатысып, 10 арнайы техника жұмылдырылды. Осы шаралардың нәтижесінде 80 тонна қоқыс шығарылып, аумақтар толық тазартылды. Мұндай сенбіліктер арқылы ауданның көшелері мен аулаларындағы тазалықты сақтау мәселелеріне көпшіліктің назарын аудару және экологиялық мәдениет қалыптастыру көзделген.

Асар шағынауданының тұрғындары да өз аумақтарының тазалығына белсене атсалысып, әрқашан осы бағытта белсенділік танытуда. Шағынауданның тұрғыны, зейнеткер Ақсақал Баймұханбет , осы шараларға қатысып, өз пікірін білдірді. «Қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның міндеті. Біз осы өңірде көп жылдан бері тұрып келе жатырмыз. Шағынауданда жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарының нәтижесі көрініп тұр. Мұндай шаралар тұрғындардың бірлігін нығайтып, экологиялық мәдениетті арттырады», – деді ол. Баймұханбет Мырзаұлының айтуынша, Асар шағынауданының тұрғындары тазалықты сақтауға ғана емес, бір-біріне көмек көрсетуге де дайын екен. Бұл олардың ынтымақтастығын көрсетеді.

Тазалық қызметкерлері де өз жұмыстарын жақсы атқарып келеді. Асар шағынауданындағы тазалық жұмыстарын жүзеге асырып жүрген «KazStroyCapitalLTD» мекемесінің қызметкері Салтанат апай осы сенбілік аясында атқарылған жұмыстардың өз нәтижесін беріп жатқанын айтты.

«Біз күнделікті жұмысымызды жасап, аула мен көшелерді тазалап жүрміз. Бірақ сенбілік сияқты ауқымды шаралар бізге үлкен көмек береді. Бұл уақытта тұрғындар да бізге қолдау көрсетіп, өз аумақтарын бірге тазалайды. Бүгінгі сенбілікке 10 арнайы техника жұмылдырылып, 80 тонна қоқыс шығарылды. Әрбір тұрғын өз үйінің ауланы таза ұстаса, бұл үлкен үлес болып табылады», – дейді тазалық қызметкері

Қаланың тазалығы мен экологиясын сақтау әрбір тұрғынның маңызды міндеті екенін ұмытпаған жөн. Тазалық мәдениеті мен экологиялық жауапкершілік адамның өзінен басталады. Тұрғындар мен тазалық қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп, қаланың әр аумағын таза ұстай отырып, қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттырады. Шымкенттің әрбір тұрғыны өз үйінің ауласын таза ұстап, қаланың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда белсенділік танытуы қажет. Бұл оның аймағының таза болуына ғана емес, жалпы қаланың экологиялық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

Сенбілік жұмыстарына қатысушылардың айтуынша, тек өзіміздің үйімізді ғана емес, бүкіл қаланы таза ұстауымыз маңызды. Әрбір азаматтың бірлескен жұмысы қала тазалығын сақтауға зор үлесін қосады.

Қаламызды таза, жасыл және көрікті ету – әрбіріміздің парызымыз. Бүгінгі сенбіліктер мен экологиялық акциялар біздің бірлігімізді, ынтымақтастығымызды нығайтып, қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Барлық азаматтарды осы бағытта белсенді болуға, өз аумақтарын таза ұстауға шақырамыз. Тек осылайша біз бірге қала экологиясын жақсартып, қалада өмір сүретін әрбір азаматтың өмір сапасын арттыра аламыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*