Шымкент қаласындағы Еламан шағын ауданында жаңа спорт кешені ашылды. Қаланың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту мақсатында құрылған спорттық нысанның жергілікті халыққа берері мол. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, жас спортшыларды тәрбиелеуге, және түрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін нысанның ашылуына Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысып, қызыл лентасын қиды.
— Еламан спорт кешені тек спортпен айналысуға ғана емес, сонымен бірге балалар мен жастарды рухани тәрбиелеуге де ықпал ететін орталық болады деп сенемін. Мұнда түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар, сонымен қатар кәсіби деңгейдегі жаттығулар өткізуге барлық жағдай жасалған. Осы кешенде өсіп келе жатқан жас спортшыларымыздың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенеміз. Біз қала тұрғындарын денсаулыққа мән беріп, белсенді өмір сүруге шақырамыз. Болашақта осындай спорт кешендері көбірек ашылып, салауатты өмір салты Шымкент жастарының айнымас құндылығына айналады деген үміттеміз,” – деп атап өтті басқарма басшысы.
Жаңа кешенде заманауи жабдықтармен қамтылған бірнеше спорт залы бар, олардың әрқайсысы нақты спорт түрлеріне арналған. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, футбол және басқа да ойындармен айналысуға болады. Сонымен қатар, күштік дайындық, жаттығу залы және жүзуге қатысамын дегендерге бассейн де бар.
Еламан спорт кешенінің есігі ауыл балаларына, спортпен айналысқысы келетін барлық тұрғындарға ашық. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін бұл кешенде жаттығу жасау – спорттық дағдыларды дамытуға, өз қабілеттерін шыңдау және кәсіби деңгейге жетуге тамаша мүмкіндік.
Айта кетейік, спорттық нысанды ауылдың белсенді тұрғыны, кәсіпкер Саидалимхан Шарипов өз қаражатына салған.
Сонымен қатар, кешеннің ашылуына ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тілеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін ең қымбат құндылық деп білемін. Ұлттық тарихымызды санаға сіңірмей, дұрыс көзқарас қалыптаспайтыны белгілі. Қазіргі таңда, Шымкент қалалық […]
Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндады. Жиын басында қала әкімі есептік кездесудің мақсатын жеткізді. — Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп […]
Пікір қалдыру