Былтыр Шымкенттің бюджетіне 7 миллиард түспей қалған

Былтыр Шымкент қаласында көлеңкелі кәсіптің кесірінен  шаһар қазынасына 7 миллиард теңге түспей қалған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың айтуынша, шаһардағы 118 тойхана 2018 жылы 206 миллион мүлік салығын төлеу тиіс. Дегенмен, сол қаржының 38 миллионын ғана төлепті. Салықтан жалтарғандардың қатарында, бақуатты адамдар ғана той жасай алатын «Royal Rose» тойханасы да бар. Ал, «Екі жұлдыз», «Ұлытау» тойханалары былтыр 7,8 миллион теңге салық төлеуі қажет болған. Күні бүгінге дейін соның тек 380 мыңы ғана төленген. Айта кету керек, екі тойхананың да егесі бір кәсіпкер. Ол «пысықай» мұнысымен қоймай сол екі тойханада 3 адам жұмыс істейді деп есеп берген. Үш бірдей салтанат залы бар «Мұса» тойханасында да 3-ақ жұмысшы бар дегенге сіз сенер ме едіңіз?  Ғимарат иесі солай көрсетіп, бір жылға бар-жоғы 60 мың теңге төлеген.

Мұнан өзге,  Шымкент қаласындағы саудагерлердің қулығында да шек болмай тұр. Мәселен, «Дархан» базарында  шалбарларды 10 мың теңгеге дейін сататаын кәсіпкер, жылдық салыққа 720 теңге төлейді екен. Ескі қала шағын ауданында құрылыс заттарын сататын екі азамат осы күнге дейін жылына 10-12 мың теңге ғана төлеп жүрген.

Дереккөз «Қазақстан жолы» газеті

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*