«BIRGEMIZ» қорымен шымкенттік 40 мың отбасыға бір реттік көмек берілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Мәжілісте сөз алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нарымбетов «BizBirgemiz» республикалық акциясы мен «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.
««Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан 40 мыңнан аса қала тұрғынының жеке есепшоттарына 50 мың теңгеден жалпы 2,8 млрд теңге қаражат аударылды. Ал «BizBirgemiz» акциясы аясында 8 мыңнан аса отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді және 1 млн маска тегін таратылды. Қаладағы су басу апатынан зардап шеккен «Елтай» елдімекеніндегі 60 отбасыға азық-түлікпен гигиеналық заттар таратылды»,-деді Б.Нарымбетов.
Оның айтуынша, «BizBirgemiz-Мақтаарал» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына Шымкент қаласынан 127 тонна азық-түлік, гигиеналық заттар, 5100 азаматқа аяқ киім мен төсек орындар, 400 дана кілем жөнелтілген. 20 үйдің құрылысы жүруде. Жалпы 81 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Филиал төрағасы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, партия белсенділеріне Елбасы тапсырмалары мен жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. Сонымен қатар, «BizBirgemiz» республикалық акциясы арқылы халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобына ерікті демеушілік көрсететін кәсіпкерлерді тарта отырып, Шымкент қаласында қайырымдылық жұмыстарын одан әрі жандандыру керектігін баса айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*