Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті. Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Іс-шара барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалды.
Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысының машина жасау саласындағы қарқынды дамуын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. Бұл келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Өзбекстан өңірлерінен облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.
Аталған келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға жол ашып, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында егістік жер көлемі 1000 гектарға көбейіп отыр. Бұл туралы әкімдікте өткен аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жерінің көлемі 27,6 […]
2020 жылдың 31 наурызына дейін Сіздерге уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен бағыттары туралы мәліметтерді дерекқор базасына енгізу қажет. ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электронды нұсқада […]
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл бастама еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты қорғауға және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қаланың барлық аудандарын қамтыған сенбілікке мыңдаған тұрғындар, жастар, еріктілер, коммуналдық […]
Пікір қалдыру