Шымкентте егістік жер 1000 гектарға артты

Шымкент қаласында егістік жер көлемі 1000 гектарға көбейіп отыр. Бұл туралы әкімдікте өткен аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жерінің көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 га алқап ауқымы кеңейді деген сөз.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар — жағармай бөлініп, бағасы төмендетілді, яғни 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмен түскен.
Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес қазынадан 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1 мың тонна тыңайтқыш 50,3 млн.теңгеге субсидияланды.
Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды және игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды дер кезінде және мұқият атқаруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*