ШЫМКЕНТ: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №9 қаулысына өзгерістер енгізілді

Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, қаулының №1 қосымшасы: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйым әділет органдарына тіркелген жағдайда), деген тармақпен толықты.

№2 қосымшаның 2.19. тармағы: «көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік​ және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ,​ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен кәуландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде​ және олардың көліктері», деген тармақпен ал, №3 қосымшасы «21. «Қазтелерадио» АҚ» ​ деген тармақпен толықтырылды.

Аталған қаулы 2020 жылғы 22 сәуірден қолданысқа енгізілді.

Қаулымен «Shymkent.gov.kz» ресми сайтының «COVID-19» ​ айдарына кіріп, танысуға болады.

​Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*