Бүгін қаламызға жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында келген ҚР Энергетика вице-министрі
Жандос Нұрмағанбетов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” қосалқы станциясында болды.
Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы іске қосылған станция қуаттылығы 160 МВт кВ құрайды. Бүгінде қосалқы станцияның жүктемесі 47 МВт-қа жеткен.
Нысан “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Осыдан бірер ай бұрын жұмыс істеп тұрған 2 автотрансформатордың біреуінде ақау пайда болып, істен шыққан болатын. Автотрансформатор серіктестік көмегімен қайта қалпына келтіріліп, жуырда іске қосылды.
Айта кетейік, «Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналады. Ол қуаты 110/35/10 кВ болатын 5 қосалқы электр станцияларының қосылу көзі. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған.«1-М-1» станциясының құрылысы жалғасып жатса, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді.
Сондай-ақ, ведомство басшысының орынбасары мегаполистің 2035 жылға дейінгі электр жүйесін дамытудың кешенді жоспарымен танысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында №65 жалпы орта мектебіне барып, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша пилоттық жобаның іске асырылуымен танысты. Бұл – жаңартылатын энергия көздері орнатылған алғашқы мемлекеттік нысан. Өндірілген электр энергиясының […]
Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Іске қосу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін атап өтті. «Шымкент — қарқынды […]
Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек және Еңбекші аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жандос Бейсенов жауапты сала мамандарымен бірге Азат шағынауданында бірқатар өзекті мәселелерді зерделеу мақсатында көшпелі аралау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – […]
Пікір қалдыру