Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын.
Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта балалардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.
Шымкент қаласында қоғам мен мемлекет мүддесі жолында маңызды қадам жасалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл игі бастамаға Шымкент гарнизонының […]
Шымкент қалалық полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тобының инспекторы, полиция лейтенанты Журабеков А. А. аудан аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, […]
Мемлекеттік қызметтің 14 түрі бойынша азаматтар өтінішті «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің […]
Пікір қалдыру