ШЫМКЕНТ: 9 адам жаман індеттен айығып шықты

Шымкентте коронавируске шалдыққан бір отбасынан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалсының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгул Бекбауова тілшілердің қатысуымен өткен брифингінде мәлімдеді.

Дертінен сауыққандар 2 бала. Олардың біреуі 1 жасқа дейінгі бала, 7-еуі ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетіп, денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты бүгін ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, ауруханадан шығарылған науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында қауіпті індеттен сауығып шықты. Осыған байланысты карантин 3 ошақтан алынады: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі, Мақталы көшесі.

Сондай-ақ науқас адамдарды емдеп жүріп, жоғары қауіп қатер тобындағы медицина мамандарынан коронавирус инфекциясы анықталды.

Өкінішке қарай, коронавируске шалдыққан науқастарды емдеп жүріп, өз өмірін қатерге тіккен медицина мамандары арасында COVID-19 індеті анықталды. Бұл мамандар жұқтыру қауіпі жоғары, ауыр жағдайда жан-сақтау бөлімінде жатқан коронавирусты инфекциясы анықталған науқастарға медициналық көмек көрсеткен. Тестілеу кезінде жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөлімінің 3 қызметкері анықталды. 32 және 45 жастағы 2 медбике және 22 жастағы 1 санитар. Бұл медицина қызметкерлерінің ешқандай ауру белгілері жоқ, олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, шағым білдірмейді. Қалада коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған сәттен бастап жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері тұруға арналған арнайы қонақ үйге оқшауланып, үйлеріне бармайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*