Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Қазіргі таңда, аудан аумағын залалсыздандыру жұмыстарына арнайы қызметтер мен әскери сарбаздар жұмылдырылып, 672 көпқабатты үй мен 404 көше дезинфекцияланып жатыр. Сонымен қатар, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті жалғасып, аудан әкімдігінің тұрақты назарына алынып отыр.
Мұнан өзге, төтенше жағдайға байланысты 2842 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылып, азық-түлік сататын сауда орындары мен дәріханалар бекітілген санитарлық нормалар бойынша жұмыс істеп жатыр.
Айта кету қажет, бүгінге дейін аудан бойынша 1790 отбасыға, 2368 әлеуметтік пакет таратылды, 892 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеттері үлестірілуде.
Бүгінгі таңда аудандағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «BizBirgemiz» қоры атынан 146 мың бетперде тарату жоспарланып жатқанын айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, бүгінде Шымкент қаласының орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданында 219 мыңға жуық тұрғын бар.
Пікір қалдыру