ШЫМКЕНТКЕ АТЫРАУДАН ҰШЫП КЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі қала тұрғындары.
Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылды.
Сондықтан вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп олар 14 күндік станционарға жатқызылды.
Ал, ұшақта болған көршілес өңірлердің тұрғындары өз мекенжайылары бойынша медициналық бақылауға алынған.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*