Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы елдімекендердің тұрғындарына шомылу маусымында басты қаперге ұстар қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Жыл сайын шомылу маусымы кезінде талай адам суға кетіп, аяқ астынан қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдай бөлімі және жергілікті полиция өкілдері бірлесіп, шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ең алдымен құзырлы мекемелердің мамандарынан құрылған топ алдымен Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы көл маңында орналасқан тұрғын үйлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат қағаздарын таратты. Айта кету керек, тек ересектер мен балалар да рұқсат етілген аймақтарда ғана шомылу керек. Мамандар әсіресе, жас балалардың ата-ана қадағалауынсыз ағын суға шомылуға болмайтынын айтып ескертіп жүр. Құзырлы мекемелердің қызметкерлерінен құрылған топ шомылу маусымы кезінде ата-аналарды сақ болуға шақырады. Су көздеріне барғанда балаларға бас-көз болуды, барынша қадағалау қажеттігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: САУДА ОРЫНДАРЫ ТӨЛЕМАҚЫНЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІМЕН ЖҮРГІЗЕДІ
2020 жылдың 6 сәуірінен бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды. «Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы […]
Шымкентте «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті
Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. […]
Шымкент: Мұрат Әйтенов қала күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығымен Шымкентке республикалық қала статусы берілгеніне, міне, екі жыл толып отыр. Осы бір қысқа мерзімде еліміздегі үшінші мегаполисті […]
Пікір қалдыру