Шымкентте «Соңғы қоңырау» онлайн форматта өткізілді

Шымкент қаласында биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты онлайн форматта өткізілді. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

«ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шыққан түлектерге Жанат Арысбекқызы мектеп кезіндегі өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті. Биыл айрықша форматта өткен салтанатта ардагер ұстаздар қауымы да онлайн жиынға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Қаладағы мектептердің бітіруші түлектері «Ұстазыма мың алғыс!»- атты эстафеталық шеруін ұсынды.

«Birgemiz: ТҮЛЕК -2020» ұранымен өткен соңғы қоңырауға халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба және спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері қатысты. Биыл 9 және 11 сынып оқушылары емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен мемлекеттік аттестатқа ие болды. Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 546 «Алтын белгі» иегері және ерекше атестат алатын 356 түлек бар.

Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын, аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімін ұйымдастыру кезінде қатаң санитарлық талаптар ескерілетенін айтты.

Ал ата-аналар қауымын пандемияға байланысты мерекелеуден бас тартуға шақырды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*