Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Авто фест – бірегей автокөліктер көрмесінде 200-ге жуық ретро және тюнингтелген автокөліктердің эксклюзивті модельдері қойылды. Қонақтар әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі машиналарды тамашалап, автошоулар мен байқауларға қатысты. Автокөліктердің ерекше дизайндары, аудиожүйесі мен тюнинг жұмыстарына арналған байқау өтті. Көрермендердің дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталып, мараратталды.
Сонымен қатар фестивальде әуе шарларының шоуы, параплан және дельтаплан көмегімен әсерлі түтіндер шоуы ұйымдастырылды. Жаппай аспанға көтерілген шарлар қонақтарға ерекше сезім қалдырғаны анық. Әуе шарын тек тамашалап қоймай, ұшу мүмкіндігі де қарастырылды.
Қоленершілер керамика, ағаш және былғарыдан ұлттық бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш құмыралар дайындау бойынша интерактивті сабақтар өтті.
Тағамдар көрмесінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар өздерінің тағамдарын ұсынып, аспаздар тамақ пісіруден мастер-класс көрсетті.
Аниматорлар, акробаттар мен от шоуы туристік шараны әсерлендіре түсті. Келушілер түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, уақытты қызықты өткізді.
Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертті танымал DJ Shami, DJ Macarella және хэдлайнер Adil жандандырды. Фестиваль екі күнге жоспарланған.
2024 жылдың жоспарына сәйкес, шаһардағы 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 41,7 шақырымдық 40 көшесіне асфальт төселді. 5,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде құрылыс жұмыстары іске асырылуда. Асфальт салу […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте қала өміріне қатысты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәжіліске әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, дербес сала өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылығы, кірістер басқармасы мен ветеринария бөлімі қатысты. […]
Абырой болғанда, өрт салдарынан қаза болғандар жоқ — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Тілсіз жаудың шығуына газ цистернасының жарылуы себеп болған, дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов. Түркістан облыстық ТЖД бастығының айтуынша, […]
Пікір қалдыру