ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында тазалыққа аса мән беріліп, жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығы көңілге қуаныш сыйлайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, қала басшылығының тікелей қадағалауымен бүгінде тазалық шаралары өткізіліп жатыр. Тек сенбідегі «сенбілікте» емес, күн сайын тазалық қызметкерлерінің тынымсыз тірлігі бар. Қала көшелерін тек қоқыстан тазартып қоймай, шаһар сәнін кетіріп тұрған ретсіз ауда мен бей-берекет қойылған көліктерді де ретке келтіруді қолға алды.
Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков  кезекті рет аралауында қаладағы көшелер мен аулаларды тазарту және ағымдағы күтіп-ұстау жұмысымен, сондай-ақ санитарлық жағдайымен танысты.
Жауапты тұлғаларға бейберекет сауданы жою жұмысын жандандырып, қоқыс тазалау шараларын бақылауды тапсырды. Себебі, заңсыз сауда орындары қаланың сәулеттік келбетін бұзып, тұрғындарға қолайсыздық тудырады.
Сонымен қатар, Қаратау ауданында жаңа стадионның құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкіміне жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Тапсырманы тек айтып қана қоймай, нақты орындалуын қадағалайтынын да тілге тиек етті. Қала әкімі, талап қатаңдаған кезде ғана, жүйелі жұмыстың нәтижесі көрінеді.
«Әрбір тұрғын қаланың көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарын тек арнайы орынға тастаса ғана тазалық мәдениетін қалыптастыра аламыз»-дейді қала басшысы.
Ары қарай, Әл-Фараби ауданы, Жібек Жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзар ұйымдастыру жұмысын қарап шықты. Қоғамдық орынды жыл соңына дейін абаттандыру жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*