Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысып жатыр. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысқалы жатқанын Дархан Амангелдіұлы мәлімдеді.
Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.
Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды.
Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту.
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қызмет жасауы үшін барлық қолайлы жағдайлар мен жедел шешімдер қабылдау үшін арнайы алаңдар жасалғанын атап өтті.
Бұдан басқа, ҚР ҰКП инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді көздейтін Цифрлық инвестициялық карта туралы баяндады. Платформаның басты ерекшелігі — инвестицияларды тарту жүйесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай қолжетімділік нүктесін қамтамасыз етеді. Яғни, жүйеге негізгі мемлекеттік органдар, әкімдіктер және инвестициялық жобаларды іске асыру процесіне тартылған квазимемлекеттік сектор қосылатынын хабарлады.
Облыс орталығында «Бекзат» тұрғын алабының 1999 жылы туған азаматтары кіші футболдан құрдастарын еске алу турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында ел ағасы Дәулеткерей Оспанов, «Бекзат» мешітінің бас имамы Ғалымжан Аташев, марқұм Абай Сәбитұлының ата-анасы сөз сөйлеп, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті. Өйткені, […]
27 қазан күні «Turkistan Marathon» шарасының өтуіне байланысты, таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында […]
Пікір қалдыру