Түркістан облысындағы колледж ұстаздары мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындарда, техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Педагогтарды Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Томас Зиммерман әлемнің 148 елінде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді. Семинардың екінші жартысында түркістандық делегация тарихы 1900 жылдан бастау алатын «Mercedes» көлігін құрастыратын зауытқа барды.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз өндірістік тәжірибе бойынша, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алады. Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Демографиясы жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және қолдауымен аймақтағы күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім ұяларының, жаңа мектептер қажет елді мекендердің тізімі әзірленіп, […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті. Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырды және міндеттерін жіктеді. Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден […]
Қазақстанда тұңғыш рет Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды. Композитордың кіндік қаны тамған Отырар жерінде ашылған музей Шәмшінің 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған ұлы композитордың бүгін 15 тамыз […]
Пікір қалдыру