Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС тарапынан 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Айта кетсек, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелеріне 4 дана трансформатор қондырғысын орнатып, ұзындығы 11 шақырым электр желісін жүргізу қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Түркістанда «Қала күні» аясында тұрғындар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Облыстық “Farab” әмбебап ғылыми кітапханасында өткен сайысқа 50-ге тарта түркістандық қатысты. Интеллектуалды ойында ең жас қатысушысы 6 жаста болса, жасы жетпістен асқан қария да сайысқа қатысуға […]
Түркістан облысының орталығы – қасиетті Түркістан қаласы Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік рухқа бөленіп, көк түсті туға оранған көшелерімен ерекше көзге түсуде. Қала басшылығы мен жергілікті қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесінде, мерекелік безендірулер қаланың әр түкпірінде айқын […]
Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі «Бірлік», «Отырар» тұрғын алаптарында жалғасты. Кездесуде сектор тұрғындары қала әкіміне жол мәселесі, ойын алаңшалары, түнгі жарықтандыру, коммуналдық қызмет, білім саласы, тұрғын-үй, қоғамдық көлікке қатысты сауалдарын қойды. Тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға […]
Пікір қалдыру