Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Қартабаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына қажетті орындықтар, фито-бөшке, денеге массаж жасайтын аппарат сатып алған.
Еңбекқор ана нүктелі массаж жасауды Қытай еліндегі Үрімжі қаласына барып үйренген. Кейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып, арнайы массаж курстарынан өтіп, біліктілігін арттырған. Осылайша арнайы орталық ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Тәжірибелі маманға ем іздеп келушілердің қатары көбейіп, сырқатынан айыққандар ризашылық білдіруде.
2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған.
Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.
Қазіргі коронавирус дендеген кезең еліміздің білім саласына да салдарын тигізіп жатқаны анық. Осыған байланысты 2020 жылдың наурыз айында оқушыларды қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп, балалар оқу жылын үйде оқу арқылы аяқтаған еді. Енді 2020-2021 жылғы […]
«Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар […]
Биыл Қазақстан Полициясына 33 жыл. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті салтанатты шара өткізді. Жиынға ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты. Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік […]
Пікір қалдыру