Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.
Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы Түркістан облысында биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі — көпқабатты тұрғын үйлер. Құрылыс сапасы — басты назарда.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров облыстық құрылыс басқармасы мамандарымен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын қадағалап, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен медігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытында қолға алынған нақты жобалардың бірі – балық шаруашылығын дамыту. Бұл сала аймақ экономикасын әртараптандырумен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға жол ашып отыр. Осындай ілкімді […]
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме болып табылады. Бұл іс-шара туристік индустрияның қазіргі тенденцияларын талқылау, жаңа серіктестіктер орнату және инновациялық идеяларды ұсыну мақсатында өткізілуде. Биылғы […]
Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас […]
Пікір қалдыру