Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысына сәйкес, Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М-32» автомобиль жолының 179-187,7 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда ескі асфальт жабынын алу жұмыстары атқарылуда.
Сметалық құжаттамаға сәйкес, ескі жабындысы тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу жұмыстары қаралған. Жоспар бойынша нысан 2025 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста мәлімдеді.
Мәжілісте жолға қатысты маңызды түйткілдер айтылып, өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
– Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті жұмыстарды қолға алуы тиіс. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Тұрақты қадағаланады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай, […]
Сайрам ауданында жаңа мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас […]
Мақтаарал ауданы – еліміздің ең күнгей аймағында орналасқан диқаншылыққа өте қолайлы аймақ. Ерте көктемнен егістікке кірісетін шаруалар бақша дақылынан алғашқы өнімін экспортқа шығарып үлгерді. Атап айтқанда, бүгінге дейін өңірде қарбыздан 1000 тонна және қауының […]
Пікір қалдыру