Жошы ханның 800 жылдығына орай өтіп жатқан «Талас-Ұлытау-Сарайшық» бағытындағы республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Түркістанға жетті. Қазақ хандығының астаны, Ұлы Жібек жолының орталығы болған қасиетті мекенге арнайы ат басын бұрған топ алдымен Отырар қалашығында болды. Олар ондағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог мамандармен сұхбаттасып, өңірдің тарихына жіті тоқталды.
Одан соң экпедициялық топ Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және маңындағы тарихи ескерткіштерді аралап, олардың тарихымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, жаңа Түркістанның келбетіне айналған «Керуен сарай» кешенін де аралап, қала аумағындағы атқарылған жұмыстармен танысты.
Өңірдегі бірқатар нысандарды аралаған топ Қызылорда қаласына қарай жолға шығып, жол бойында Қыпшақ хандығы мен қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қалашығына тоқтады. Онда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым хатшысы Асхат Сайлау Сығанақ қалашының тарихымен, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлермен таныстырды. Ары қарай экспедиция Қызылордада жалғасын таппақ.
Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы […]
Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді. Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып […]
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының басшылары мен өкілдері, әкім орынбасарлары, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, […]
Пікір қалдыру