Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысына сәйкес, Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М-32» автомобиль жолының 179-187,7 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда ескі асфальт жабынын алу жұмыстары атқарылуда.
Сметалық құжаттамаға сәйкес, ескі жабындысы тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу жұмыстары қаралған. Жоспар бойынша нысан 2025 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста мәлімдеді.
Мәжілісте жолға қатысты маңызды түйткілдер айтылып, өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
– Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті жұмыстарды қолға алуы тиіс. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Тұрақты қадағаланады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы өңір басшысы фейсбук әлеуметтік желісіндегі қоғамдық қабылдау парақшасында жариялады. «Бұл саяси додаға облысымыздан 1076 азамат қатысып […]
Ауылдарды су басып шардап шеккен Мақтаарал ауданына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 20 тонна азық-түлік жеткізді. Қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті. 20 тонналық көмектің ішінде азық-түліктен […]
Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Қартабаева мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына қажетті орындықтар, фито-бөшке, денеге массаж жасайтын аппарат сатып алған. Еңбекқор ана нүктелі […]
Пікір қалдыру