Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекені жастарының бастамасымен баспана тұрғызылып, ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді.
Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен кәсіпкерлері атсалысқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов және аймақ тұрғындары қатысты. Аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.
Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.
Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
АО » СПК «Туркестан» совместно с Региональной службой коммуникаций организовал пресс-тур в г. Туркестан. В ходе мероприятия журналисты ознакомились с работой объектов агропромышленного комплекса, туризма и строительства. В первую очередь представители СМИ ознакомились с проектами […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК РЕЖИМ 19 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ Түркістан облысының аумағында коронавирусты инфекциямен сырқаттанушылардың өсуіне байланысты карантинді шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылданды. Ондағы мақсат — COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу. Түркістан облысының Бас санитар […]
Бүгінгі Республикалық референдумға түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Қазыбек би ауылдық округі Н.Оңдасынов ЖББМ-де орналасқан №206 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті. Әжелер алқасының […]
Пікір қалдыру