Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт жабындысы төселген. Бұған қоса, биыл Сызған ауылының 4 шақырымды құрайтын ішкі көшелеріне де асфальт төселген. Жалпы аудан көлемінде 917 шақырымдық автомобиль жолы бар. Оның ішінде облыстық маңыздысы — 435 шақырым, аудандық маңыздысы – 79 шақырым, елдімекендердің ішкі жолдары — 403 шақырым.
Еске сала кетсек, былтыр Созақ ауданында 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Ал, «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде 30,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл бюджеттен 27 шақырымдық 24 көшенің жөндеу жұмыстарына қаражат қаралған. Сонымен қатар облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеуге бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
КХ-2 «Екпінді-Шолаққорған-Созақ» автомобиль жолының 131-181 (50 шқ) шақырымына (Таукент ауылы мен Ыбырай ауылы аралығына) орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС тарапынан жүргізілді. Техникалық қадағалаушы мекеме – «Оңтүстік жолдары» МКК. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың ескі қабатын фрезелеу және жолға екі қабатты асфальтбетон жамылғысы төсеу жұмысы қаралған. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталып, биыл асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
Кентау қаласында тұрғын-үй құрылысы жұмыстары жүрдек жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ел игілігіне тапсырылған әлеуметтік нысандардың саны да көбейіп келеді. Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып […]
Облыс әкімінің орынбасары жастарды мемлекеттік бағдарламамен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдау, «Кәсіптік бағдар беру» бойынша облыс жастарына насихаттау жұмыстарын жандандыру, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, өңіріміздегі жастар саясатын дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Түркістан облысы […]
Түркістанда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді. Шаһардағы көшелер мен көпқабатты үйлердің аулалары, саябақтар мен қоқық тастайтын орындар тазартылуда. Атап айтқанда, «Жаңа қала» шағын ауданындағы 9, 11 көшелердегі көпқабатты үйлердің аулалары қураған шөптер […]
Пікір қалдыру