Түркістанда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді. Шаһардағы көшелер мен көпқабатты үйлердің аулалары, саябақтар мен қоқық тастайтын орындар тазартылуда.
Атап айтқанда, «Жаңа қала» шағын ауданындағы 9, 11 көшелердегі көпқабатты үйлердің аулалары қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылып, қоқыс алаңшалары мен аулаішілік аяқжолдар сыпырылды. Санитарлық жұмыстар «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі тарапынан орындалып отыр.
Сонымен қатар, қаладағы С.Қожанов, Ерубаев, Меркемелов, Абдрахманов, Ясауи, Ж. Майкотов, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшелері мен Қызылорда тас жолы, Жібек жолы даңғылындағы істен шыққан жарықшамдар жаңартылды.
Қала әкімінің тапсырмасына сай, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында апта соңында жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Тазалық шарасында қала аумағы қоқыстан тазартылып, саябақтар мен гүлзарлар, аулалар мен басқа да қоғамдық орындарға санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қала тұрғындарын, барлық кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілерді, табиғат жанашырларын эко-акцияға атсалысуға шақырамыз!
Түркістанның тазалығы – біздің қолымызда!
Пікір қалдыру