Шардара ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесі өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, аудан тарапынан кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Көрме барысында шұжық, сабын, қауынқақ және қолөнер бұйымдары, наубайхана және заманауи терезе, есік дайындаумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмыстары таныстырылды.
Айта кетсек, ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа берілген. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың осы кезеңінде 3 лек қорытындысымен 78 азаматқа қайтарымсыз грант берілген болатын.
2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып […]
Түркістан облысы – соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатқан өңірлердің бірі. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, өндіріс, инфрақұрылым және туризм салаларындағы оң өзгерістер аймақтың әлеуетін арттыруда. Бұл үрдістің жарқын үлгісін Сауран ауданынан […]
Қазақстан полициясы күніне орай Келес аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше мәнге ие тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсат – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, патриоттық сезімін ояту және ішкі істер органдарының қызметімен таныстыру. Кездесу аясында полиция сыныбының […]
Пікір қалдыру